Атырау, 12 желтоқсан 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

«Алматы Бас жоспары» ЖШС бас директорының орынбасары бірнеше жылға сотталды

319 просмотра
видеодан скриншот

Алматы қаласы Медеу ауданының соты «Алматы Бас жоспары» ЖШС бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында.
5 қараша, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.