Атырау, 26 желтоқсан 18:51
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Алматыда тағы да жер сілкінісі болды

395 просмотра

Алматыда сағат 10:00-де шамамен 4,5 магнитудасы бар жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында. Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау орталығының сейсмикалық станцияларының желісімен эпицентрі мен сезілетін көрсеткіші туралы ақпарат нақтылануда.

«Қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді, ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде. Жағдай тұрақты.
Жер сілкінісінің параметрлерін бастапқы ғылыми орталықтың сейсмологтары нақтылағаннан кейін және қосымша жеткізетін болады. Сабыр сақтаңыз!» - делінген Алматы қаласы ТЖД хабарламасында.
5 қараша, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.