Атырау, 26 желтоқсан 19:46
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Елордада тұрғындарды алдап, ақша жымқырған алаяқ әйел ұсталды

345 просмотра
Фото: freepik.com

Елордада түрлі қызмет ұсына отырып, қала тұрғындарын алдап келген алаяқ әйел ұсталды. Оның әрекеттерінен бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Солардың бірі ұлттық киімдер тігумен және сатумен айналысатын кәсіпкер әйел. Сауда орталықтарының бірінде жұмыс істейтін кәсіпкердің сеніміне кірген күдікті өзін сән индустриясындағы байланыстары бар деп таныстырып, оның киім коллекциясына көрсетілім ұйымдастыруға уәде берген. Сонымен қатар кәсіпкер бизнесін кеңейту үшін субсидия алғысы келетінін білген алаяқ оған бұл мәселені шешуге көмектесетінін айтқан. Өзінің қызметтері үшін ол кәсіпкерден шамамен 3,5 миллион теңге ақша алған. Уәде етілген көмекке қол жеткізе алмаған бизнес иесі полицияға жүгінуге мәжбүр болды.

Тағы бір жағдайда күдікті өзінің танысына субсидия рәсімдеп беруге уәде етіп, одан 200 мың теңге алған.

Бұдан бөлек, алаяқ әйел елордалық азаматқа қызының университетке грантпен түсуіне көмектесетінін айтып, сеніміне кірген. Ол бұл мәселені шешуге қажет таныстары бар екенін айтып, 3 миллион теңгеден астам ақша алған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы, осыған дейін де осындай қылмыстар үшін сотталған күдіктіні анықтады. Қазіргі таңда оның үстінен алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және оның елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласы полиция департаменті тұрғындарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді», - делінген хабарламада.
5 қараша, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.