Атырау, 26 желтоқсан 22:23
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Алматыда пәтер тонаумен айналысып жүрген топ ұсталды

315 просмотра
Фото: Polisia.kz

Алматыда пәтер ұрлауды «кәсібіне» айналдырған топ мүшелері қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, олар негізінен шаһардың тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген. Жедел уәкілдер арнайы іс-шараны арнайы жасақ полицейлерінің көмегімен жүргізді.

«Қаскөйлер қылмыс орнында ұсталды. Олар ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын 6-шағын аудандағы пәтерлердің біріне терезе арқылы кіріп, алтын бұйым мен үй иелерінің жиған-тергенін ұрлап кеткен.

Екі күдікті де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Олардың бірі – Ақмола облысының тұрғыны, екіншісі – солтүстік жақтан келген адам. Біздің жедел деректерге сәйкес, бұл «дуэттің» кем дегенде осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар. Олар негізінен қаланың Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында ұрлықпен айналысты.

Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

4 қараша, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.