Атырау, 19 желтоқсан 14:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Іле Алатауында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, аман алып шықты

523 рет қаралды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Іле Алатауындағы Қаскелең шатқалында бес адамнан тұратын туристік топтың бір мүшесі кенеттен ауырып қалған. Байланыстың болмай, сондай-ақ топта қарт әйел мен балалар болғандықтан, топ жетекшісі науқасты тауда қалдырып, қалғандарын қауіпсіз жерге жеткізуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағы бірден зардап шегушіні іздестіру жұмыстарын бастады.

Іздестіру жұмыстары 16 сағаттан астам уақытқа созылып, нәтижесінде құтқарушылар туристі тауып, оған алғашқы көмек көрсетті. Кейіннен оны шатқалда күтіп тұрған туыстарына аман-есен жеткізді.

4 қараша 2024, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.