Атырау, 12 желтоқсан 00:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

«Андора Констракшн» ЖШС директоры үлескерлік құрылыс саласында алаяқтық жасағаны үшін сотталды

1 293 просмотра

Атырау қаласының №2 соты «Андора Констракшн» ЖШС директоры Ескендір МИРЗОЕВТЫ бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Үкім 23 қазанда жарияланды.

Облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасына сүйенсек, 2020-2023 жылдар аралығында ЖШС директоры жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жалған алдын ала келісімдер жасау арқылы 25 үлескерге 313 миллион теңгенің пәтерлерін сатып жіберген.

Осыдан тура бір жыл бұрын жергілікті БАҚ-та Атырау облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы «Андора Констракшн» ЖШС-не қатысты қылмыстық істі тергеп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Компания алаяқтық фактісі бойынша тергеуге алынды.

Белгілі болғандай, ЖШС Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданындағы «Мальтийский дворик» тұрғын үй кешенінде 8 қабатты тұрғын үйдің құрылысымен айналысқан.

Тергеушілер ЖШС-нің алаяқтық әрекетінің құрбандарын іздеп, қылмыстық қудалау органына хабарласуды сұрады.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, осындай фактілер бойынша «Nazik Group» ЖШС директоры мен «Атамекен Тұрғын үй» тұрғын үй-құрылыс кооперативі, Family Town және Baisanat Residence құрылтайшылары сотталған.

- Биыл прокуратура екі құрылыс салушыға 1 миллион теңге айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлады прокуратура.

Атырау облысының прокуратурасы үлескерлік құрылыс нарығында азаматтардың құқықтарының сақталуын және жеке пәтерлерін алуға байланысты заң бұзушылықтардың алдын алуды қадағалауды жалғастыруда.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

2 қараша, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.