Атырау, 24 наурыз 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Елімізде тағы бірнеше құмар ойын сайты бұғатталады

739 рет қаралды
Фото: freepik.com

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты. Оның ішінде Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Тізімге ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді. Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді», - делінген Туризм және спорт министрлігі таратқан хабарламада. 

Анықталған ақпарат «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.

2 қараша 2024, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.