Атырау, 19 желтоқсан 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Қазақстанға АҚШ-тан ойыншық ретінде гауһар тастары бар бұйымдар әкелінген

855 рет қаралды
видеодан скриншот

Көлік прокурорлары 100 миллион теңгеден аса контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.

"Көлік прокуратурасының талап-арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді. Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 миллион теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды", - делінген хабарламада.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.


1 қараша 2024, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.