Атырау, 27 желтоқсан 09:30
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«16 мың теңге төлейді»: әлеуметтік қызметкерлер енді біліктілігін арттыру курстарынан өтеді

680 просмотра
Фото: freepik.com

Әлеуметтік қызмет саласының мамандары біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекмині Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе біліктілік курсын өткізетінін айтты.

Министрдің айтуынша, елімізде әлеуметтік қызметкердің көбінің тиісті білімі және біліктілігі жоқ.

«Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілігі жоқ. Салада мамандығы басқа адамдар жұмыс істейді. Енді министрлік олардың біліктілігін көтереді. Әлеуметтік қызметкерлер бар болғаны 16 мың теңгеден төлеп, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді», - деді Жақыпова.

Оның айтуынша, әлеуметтік қызметкер skills.enbek.kz сайтында өзіне ыңғайлы уақытта оқудан өте алады.

1 қараша, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.