Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуаны Қазақстанға депортациялауға қатысы бар Италия ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі Джузеппе Прокаччини қызметінен кетті.
Биліктің мәлімдеуінше, Италия ішкі істер министрі Анджелино Альфано өз қарамағындағылардың Шалабаеваны алты жастағы қызымен қоса Қазақстанға бергені туралы кеш естіген. Бұл оқиғаға жауапкершілікті Прокаччини өз мойнына алған.
Италия шенеунігі Шалабаеваның жұбайы Мұхтар Әблязовқа экономикалық қылмыс жасаған деген айып тағып іздеу салған Қазақстан билігінің сұрауы бойынша әрекет еткен деген болжам айтылып отыр. Бұған дейін Әблязовтың отбасын депортациялау оқиғасы саяси дау-дамайға ұласып, Италияда министр Альфаноның қызметтен кетуін талап еткені туралы хабарланған еді.
Өткен аптада Италия үкіметі Әблязовтың отбасын Қазақстанға депортациялау туралы заңсыз шешімнің күшін жоятындығын мәлімдеген. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Алма Шалабаева мен оның қызын депортациялау туралы шешім «Италияның ішкі мәселесі» екенін айтқан. Қазақстан билігі қазір Алматы қаласында әке-шешесімен бірге тұрып жатқан Алма Шалабаевадан «күйеуі Мұхтар Әблязовтың туысқандарына заңсыз берілген қазақстандық төлқұжаттар туралы жеке істің фигуранты ретінде тергеу аяқталғанша елден кетіп қалмауын қамтамасыз ету мақсатында тілхат алынғанын» хабарлаған.
2009 жылы шетелге кеткен бұрынғы министр және банкир Мұхтар Әблязов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап мәлімдемелер жасады. 2011 жылы Ұлыбритания Әблязовқа саяси босқын мәртебесін берген.

Дереккөз: Азаттық радиосы
17 шілде 2013, 10:25