Атырау, 27 желтоқсан 14:03
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған компания «Самұрық-Қазынаға» өтті

698 просмотра
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Бұрын бизнесмен Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған «АзияГаз Чунджа» ЖШС «Самұрық-Қазына» қорына өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Самұрық-Қазына» АҚ «АзияГаз Чунджа» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін сатып алған. «Самұрық-Қазына газ тарату компаниясына осы жылдың 30 қыркүйегінен иелік ете бастаған. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасы мәлімдеді.

Айта кетері, «АзияГаз Чунджа» тауарлық газды тасымалдау және сатумен айналысады. Былтыр күзде Қайрат Боранбаевтың осы компаниясы мемлекет меншігіне өткен еді. Бизнесмен тергеу барысында компанияны мемлекетке өз еркімен берген.

Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы. Былтыр Боранбаев ресейлік газ импорты кезінде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда кейін сот жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу түріне ауыстырып, 2023 жылғы 6 қарашада Боранбаев түрмеден босап шықты.

1 қараша, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.