Астана әуежайы жолаушылар қайтарып алмаған жүктерге не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, иесі жүкті алмаса, арнайы қоймаға сақтауға жіберіледі.
"Астана халықаралық әуежайы жолаушылардың жоғалған багаждары сатылмайтынын және үшінші тұлғаларға берілмейтіндігін хабарлайды. Елорда әуежайында иесіз қалған жүк бір ай бойы қоймада сақталады. Осы уақыт аралығында иесі табылмаса, жоғалған чемодандар бастапқы жөнелту нүктесіне қайтарылады. Жолаушылардан ықтимал алаяқтық әрекеттерден сақ болуларын сұраймыз", - делінген хабарламада.
1 қараша, 13:05