Қазақстанда ет өнімдерін көп тұтынатын аймақтарға зерттеу жүргізілді. Қай аймақтың тұрғындары етті жақсы көреді, ал қай аймақ етке құмар емес, бұл туралы Energyprom.kz порталы жазды, деп хабарлайды Spunik.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 315,8 мың тонна ет және тағамдық қосалқы өнімдер өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ке артық. Жаңа піскен немесе мұздатылған құс өнімі 107,2 мың тонна болды.
Жалпы, өткен жылы ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 80,1 кг болды. Десе де, Қазақстан ет жегенді жақсы көретін басқа елдермен салыстырғанда едәуір артта қалып отыр.
Сонымен, World Population Review мәліметі бойынша, етті ең жақсы көретін ел – Тонго, онда әр адам жылына орта есеппен 147,7 кг ет өнімдерін тұтынады. Одан кейін Моңғолия (137,8 кг), Сент-Винсент және Гренадиндер (124,4 кг) және АҚШ (122,8 кг) келеді. Ал Бурунди тұрғындары етті ең аз жейтін ел, мұнда жан басына шаққанда жылына орта есеппен 3,7 кг ғана тұтынады.
Ал Қазақстанда етті ең көп жейтіндер – маңғыстаулықтар, қаңтар-маусым айларында орта есеппен әрбір тұрғын 49,1 кг ет өнімдерін тұтынған. Маңғыстаулықтар Шымкент тұрғындарына қарағанда ет өнімдерін 65%-ке көп тұтынады.
Екінші және үшінші орында Жамбыл мен Атырау облысы тұр. Етті ең аз тұтынатындар – Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары.