Атырау, 27 желтоқсан 13:34
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Дарынды оқушыларға 5,5 млн теңге берілетін болды

689 просмотра
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар халықаралық білім додаларында топ жарып жүр. Биыл өрендеріміз әлемнің түрлі елінде өткен пәндік олимпиадаларда 26 медаль иеленіп, ел абыройын тағы бір рет асқақтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Президенттің тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы беру мәселесі шешілді.

Жеңімпаздар қанша теңге сыйақы алады?

Жеңіс тұғырынан көрінген оқушыға ақшалай сыйақы беріледі:

  • алтын медаль - 1500 АЕК (5 538 000 теңге);
  • күміс медаль– 1000 АЕК (3 692 000 теңге),
  • қола медаль үшін – 500 АЕК (1 846 000 теңге).

Еске сала кетейік, 1 АЕК биыл 3 692 теңгеге тең.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған педагогтарге мынадай мөлшерде біржолғы сыйақы беріледі:

  1. I дәрежелі ДИПЛОМ мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогке - базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшері;
  2. II дәрежелі ДИПЛОМ мен күміс медаль иегерін дайындаған педагогке-базалық лауазымдық жалақының 17, 5 еселенген мөлшері;
  3. III дәрежелі ДИПЛОМ мен қола медаль иегерін дайындаған педагогке-базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшері.

Сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық ЖОО-ның кез келгеніне оқуға түсуге білім гранты беріледі.

Олимпиадаларға балаларды кім іріктейді?

Әлемдік деңгейдегі ең ауқымды олимпиадаларға Қазақстан құрама командаларын іріктеуді, дайындауды және қатыстыруды ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасы «Дарын» республикалық орталығы қамтамасыз етеді.

2024 жылғы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі

2024 жылы 31 қазақстандық оқушы ең беделді 7 халықаралық олимпиадаға (IMO, IPhO, IBO, IOL, Co, IGeO, IOI) қатысып, 26 медаль - 2 алтын, 12 күміс, 12 қола жеңіп алды. (Өткен 2023 жылы 23 медаль 2 алтын, 11 күміс, 10 қола).

1. Илюсизов Ринат - химиядан халықаралық олимпиаданың ІChО алтын медаль иегері (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд қаласы). Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің түлегі. Қазір Торайғыров университетінің 1-курс студенті.

2. Кирилл Ким - химиядан халықаралық олимпиаданың ІChО алтын медаль иегері (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд қаласы). Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

3. Кабдулхадыр Абылай - химиядан халықаралық олимпиаданың ІChО күміс медаль иегері (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд қаласы). Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

4. Молдағұл Әділжан – химиядан халықаралық олимпиаданың ІChО қола медаль иегері (Сауд Арабиясы, Эр-Рияд қаласы). Маңғыстау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының түлегі. Қазір Назарбаев университетінің 1-курс студенті.

5. Нурсагатов Маргулан - физикадан халықаралық олимпиаданың IPhO күміс медаль иегері (Иран, Исфахан қаласы). Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің түлегі. Қазір Мәскеу физика-техникалық институтының 1-курс студенті.

6. Пшенбаев Амир – физикадан халықаралық олимпиаданың IPhO күміс медаль иегері (Иран, Исфахан қаласы). Астана қаласы «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. Қазір Астана қаласы, «Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

7. Бисимби Досжан – физикадан халықаралық олимпиаданың IPhO күміс медаль иегері (Иран, Исфахан қаласы). Алматы қаласының «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы. Қазір Гонконг ғылым және технологиялар университетінің 1-курс студенті.

8. Ким Артур – физикадан халықаралық олимпиаданың IPhO күміс медаль иегері (Иран, Исфахан қаласы). Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. Қазір Астана қаласы, «Спектрум» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

9. Қазымбек Илияс – физикадан халықаралық олимпиаданың IPhO қола медаль иегері (Иран, Исфахан қаласы). Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

10. Юркевич Мирон – математикадан халықаралық олимпиаданың IМO күміс медаль иегері (Ұлыбритания, Бат қаласы). Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

11. Шарел Марғұлан – математикадан халықаралық олимпиаданың IМO күміс медаль иегері (Ұлыбритания, Бат қаласы). Жамбыл облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

12. Аманжолов Амирлан – математикадан халықаралық олимпиаданың IМO күміс медаль иегері (Ұлыбритания, Бат қаласы). Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы. Қазір «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

13. Роговский Владимир – математикадан халықаралық олимпиаданың IМO қола медаль иегері (Ұлыбритания, Бат қаласы). Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің түлегі. Қазір Польша мемлекеті Ягеллон университетінің 1-курс студенті.

14. Даутов Жан – математикадан халықаралық олимпиаданың IМO қола медаль иегері (Ұлыбритания, Бат қаласы). Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып түлегі. Қазір Кореяның алдыңғы қатарлы ғылым және технологиялар институты 1-курс студенті.

15. Цой Максим – информатикадан халықаралық олимпиаданың IOI күміс медаль иегері (Мысыр, Александрия қаласы). Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы.

16. Серазитдинов Назар – информатикадан халықаралық олимпиаданың IOI күміс медаль иегері (Мысыр, Александрия қаласы). Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

17. Таймас Мансур – информатикадан халықаралық олимпиаданың IOI күміс медаль иегері (Мысыр, Александрия қаласы). Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып түлегі. Қазір Кореяның алдыңғы қатарлы ғылым және технологиялар институты 1-курс студенті.

18. Иса Ахмет – информатикадан халықаралық олимпиаданың IOI қола медаль иегері (Мысыр, Александрия қаласы). Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

19. Болат Ақжол – географиядан халықаралық олимпиаданың IGeO күміс медаль иегері (Ирландия, Дублин қаласы). Талдықорған қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

20. Серікбай Қанат – географиядан халықаралық олимпиаданың IGeO қола медаль иегері (Ирландия, Дублин қаласы). Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

21. Сыдыков Арсен – географиядан халықаралық олимпиаданың IGeO қола медаль иегері (Ирландия, Дублин қаласы). Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

22. Сабыр Жомарт – географиядан халықаралық олимпиаданың IGeO қола медаль иегері (Ирландия, Дублин қаласы). Жамбыл облыстық мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының түлегі. Қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті.

23. Бақтыбай Ғалымжан – биологиядан халықаралық олимпиаданың IВО қола медаль иегері (Қазақстан, Астана қаласы). Астана қаласы «Білім-инновация» лицей-интернатының түлегі. Қазір Назарбаев университетінің 1-курс студенті.

24. Сулейменов Диас – биологиядан халықаралық олимпиаданың IВО қола медаль иегері (Қазақстан, Астана қаласы). Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының түлегі. Қазір Гонконг ғылым және технологиялар университетінің 1-курс студенті.

25. Тынарбай Амина – биологиядан халықаралық олимпиаданың IВО қола медаль иегері (Қазақстан, Астана қаласы). Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып түлегі. Қазір Назарбаев университетінің 1-курс студенті.

26. Төреханұлы Нұртөре – биологиядан халықаралық олимпиаданың IВО қола медаль иегері (Қазақстан, Астана қаласы). Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып түлегі. Қазір Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің 1-курс студенті.

2023-2024 оқу жылы 2 532 қазақстандық оқушы 31 халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысты. Халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда барлығы 721 медаль. Әрбір үшінші қатысушы жүлдегер атанып жүр. Сондай-ақ жыл соңына дейін екі іс-шараға қатысу жоспарда.

Халықаралық аренада топ бастаған мектептер: Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицейі, Алматы қаласындағы РФММ, Жамбыл облыстық мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернаты, НЗМ (Астана, Талдықорған, Шымкент қалалары), Алматы қаласындағы “Мирас” халықаралық мектебі, Алматы қаласындағы “Haileybury” халықаралық мектебі, Білім-инновация лицейлері (Астана, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, ШҚО).

1 қараша, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.