Атырау, 1 қараша 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +7
$ 488.26
€ 530.54
₽ 5.03

Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 150-ден асты

59 просмотра
Фото: BBC

Испанияда қатты нөсерден кейінгі су тасқынынан 158 адам көз жұмды. Бұл соңғы 50 жылда алғаш рет қайталанып тұрған алапат құбылыс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

BBC-дің жазуынша, Валенсия автономиясында кем дегенде 150 адам қаза тапты, тағы екеуі Кастилье-Ла-Манч және Андалусия жерінде көз жұмған.

Ел билігі су тасқынынан кейін жоғалып кеткендер туралы нақты статистикалық сандарды бермей отыр. Олардың өте көп екені айталады.

Испанияның патшасы Филипп VI су тасқыны әлі тоқтамағанын айтса, Үкімет басшысы Санчес тұрғындарға үй-жайларын тастап кетпей, төтенше жағдай қызметкерлерінің кеңесіне құлақ асуды сұраған.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден эвакуация жасалған жүздеген адам үйлеріне оралып жатыр. Валенсияға қарай кететін көптеген авто-темір жолдар жұмыс істеуін тоқтатқан.

Жергілікті халық биліктің төтенше жағдайларды алдын ала ескерту жүйесіне күмәнмен қарай бастаған. Олардың сөзінше, төтенше жағдайлар басқармасы Валенсияның бірнеше ауданы суға кетіп қалғанынан бірнеше сағат өткеннен кейін ғана дабыл соққан.

Бүгін, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.