Атырау, 27 желтоқсан 13:53
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қостанай әкімдігінде 6 млн теңге ұрлаған жаттықтырушы ұсталды

292 просмотра
Фото: ChatGPT

Қостанайда дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» шорт-трек жаттықтырушысы екі жыл бойы жарысқа баратын балалардың тізімін ұлғайтып көрсетіп, оған бөлінген қаражатты жымқырып келген, деп хабаралайды Azattyq Rýhy.

Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңгеге жеткен. Кейін ұрланған ақшаны депозитке аударып, тағы да еселеп көбейтіп алған.

«Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңге», - делінген прокуратура хабарламасында.

Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

1 қараша, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.