Атырау, 27 желтоқсан 14:18
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Шымкентте 226 кәсіпкердің заңсыз жауапкершілікке тартылғаны анықталды

307 просмотра
Фото: gov.kz

Шымкентте 226 кәсіпкердің заңсыз жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбекші ауданы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік кірістер басқармасымен 226 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.

«Атап айтқанда, 14.06.2024ж. кәсіпкер «С» Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 208-бабының (Салықтық өтінішті, салықтық есептілікті ұсыну тәртібі) талаптарын бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу барысында Басқарма ҚР ӘҚБтК-тің 744-бабына сәйкес оған істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарламағаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі арқылы лауазымды тұлғаның заңсыз шығарылған қаулысының күші жойылып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Уәкілетті органның жауапты тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

1 қараша, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.