Атырау, 28 желтоқсан 00:48
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Құны – 350 млн теңге: Риддерде контрафактілік ішімдік пен темекі сатқан кәсіпкер ұсталды

373 просмотра
Фото: freepik.com

Риддер қаласында жалпы құны 350 млн теңгені құрайтын жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 51 мыңнан астам шөлмек көлемінде суррогат алкоголі мен 348 мың қорап темекі өнімін сақтап таратқан жеке кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, сапасы күмәнді контрафактілік өнімдерді сату және оларды тұтыну өте қауіпті, өйткені олар азаматтардың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін. 

«Риддер қалалық сотының 05.09.2024 жылғы үкімімен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, тәркіленген өнімдерді жою арқылы бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
15.10.2024 жылы облыс прокуратурасы, Экономикалық тергеу, экология департаменттері және сот орындаушылары өкілдерінен тұратын комиссия тәркіленген өнімдерді Өскемен қаласындағы полигонда жойды», - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
31 қазан, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.