Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде Мейіржан Төребаевты Алматыдағы колонияға жібергені туралы ақпарат пайда болды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) редакцияның сұрауына жауап беріп, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауыстырылғанын растады.
"Алматыдағы мекемемелерде адамдар лимитінің ұлғаюына байланысты бірқатар сотталғандар, соның ішінде сіз көрсеткен адамдар тұрғылықты жері бойынша жеткізілді", - деп хабарлады ҚАЖК.
Еске салайық, 2023 жылғы маусымда Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылды. Олар бес жылға сотталды. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.