Атырау, 19 сәуір 21:26
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сноуден Ресейден саяси баспана сұрады

2 252 просмотра
Эдвард Сноуден ресми түрде Ресейден саяси баспана сұрады. Арнайы барлау қызметтерінің құпиясын әшкере еткен бұрынғы агент Ресей өкіметіне осындай тілек жолдады, деп РБК-ға адвокат Анатолий Кучерена хабарлады.
Бұл өтінішін ол Шереметьево әуежайында құқық қорғаушылармен өткен кездесу кезінде айтқан. Ол АҚШ-тың барлау қызметін әшкерелейтін мәліметтерді жариялауды тоқтату туралы Ресей билік өкілдерінің талабын қабылдауға әзір екендігін мәлімдеді.
Таяуда Ресей Президенті Владимир Путин Э.Сноуденге баспана беру мәселесі әлі соңына дейін шешілмегенін айтқан болатын. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, арнайы қызметтерді әшкерелеуші үнемі өз позициясын өзгертіп отырады.

Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы агенті Э.Сноуден АҚШ-тың арнайы қызметі АҚШ азаматтарының интернеттегі әрекеттері мен ұялы телефон арқылы сөйлескен сөздерін бақылап отырғанын тілшілерге жайып салған. Содан бері америкалық билік өкілдері оның соңына түсіп жүр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 шілде 2013, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.