Атырау, 31 қазан 19:20
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +11
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Жансая Әбдімәлік Қазақстан шахмат федерациясына ескерту жасады

107 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

24 жастағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Шахмат федерациясының өкілі Шымкенттегі Гран-при турнирінде шындыққа жанаспайтын ақпарат айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жансая Әбдімәліктің айтуынша, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова оның осындай деңгейдегі турнирді жеңген алғашқы қазақстандық шахматшы екенін ескермеген. 

Бүгін турнирдің ашылу рәсіміндегі видеоны көзім шалып қалды. Онда жүргізуші Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетоваға қазақстандық спортшылардың әйелдер Гран-при кезеңін жеңіп алған-алмағанын туралы сұрап жатыр екен.

Бұл сұраққа Гүлмира: «Әзірге бізде мұндай жетістік болған жоқ» деп жауап беріпті. Естеріңізге қайтадан сала кетейін!» - деп Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі ресми парақшасына жазып, 2021 жылы Гибралтарда өткен Гран-при турнирінде марапатталған видеосын жариялады.

Бүгін, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.