Атырау, 28 желтоқсан 00:54
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Балаева: "Ерғалиеваны кәсіби журналист ретінде білемін, ал Әділбековті білмеймін"

436 просмотра

"Көрiнеу жалған сөз жеткiзді", "көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыпталып, 4,5 жылға бостандығынан айырылған журналист Данияр Әділбеков ісі туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Министр журналистің "үкімді қатал деп есептемейсіз бе?" деген сұрағына:

"Біріншіден, соттар – биліктің тәуелсіз тармағы. Сот процесіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Мен де соның қатарындамын. Екіншіден, жаза мерзіміне байланысты менің де сұрағым бар. Сондай-ақ кімде-кім бірінші сатыдағы сот шешіміне наразы болса, жоғары сатыдағы сотқа жүгіне алады" деді Балаева BES.media тілшісіне.

Қылмыстық іске Әділбековтің телеграм-арнасындағы жазбалары түрткі болған.

"Дикая орда" – аноним телеграм-арна. Кәсіби журналистерге қояр сұрағым: журналистика принципін бұзатын журналистерді неге ашық түрде қорғаймыз? Аноним телеграм-арналар ақпараттың рас-өтірігіне жауап бермейтінін түсінуіміз керек, ал кәсіби журналистикада оны тексеріп, дұрыс ақпарат таратады. Мұндайда "біз кімді қорғап отырмыз?" деген сұрақ туындайды" деді министр.

Әділбековтің үстінен үш адам арыз түсірген, соның бірі – "Ел медиа" жобасының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Балаева "Ерғалиеваны кәсіби журналист ретінде білемін, ал Әділбеков білмеймін" деді.

Бұған дейін Media Qoldau қызметінің жетекшісі, заңгер Гүлмира Біржанова журналиске ауыр айып тағылды, оның ісі қылмыстық емес, азаматтық сотта қаралуы керек еді деп мәлімдеген. Қазір журналисті қорғауға бағытталған ашық хатқа қол жиналып жатыр.

Әділбеков мамыр айында ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қысымы мен азаптауы туралы мәлімдеген. Әділбековтың айтуынша, ҰҚК қызметкерлері "басқа әріптестеріңді ғайбаттасаң, жеңіл жаза береміз" деген. Одан бас тартқан соң жалған айыппен анасы мен әйеліне қылмыстық іс қозғаймыз деп қорқытқан. Артынша арнайы қызмет бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.

31 қазан, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.