Блогер Әлібеков өзінің спорттық көлігі Lamborghini -ді жас жігітке бере тұрған.
Ол көлікпен TikTok-тағы байқауға қатысу үшін видео түсірмек болыпты. Алайда мұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түсірілім Алматы облысы Іле ауданындағы "Сокол" автодромында өткен. Трюкті орындау кезінде Батырхан ауыр жарақат алып, кейіннен ауруханада жан тапсырған.
"...Айтарға сөзім жоқ. Туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Мүмкін, көлікті бермеу керек пе еді", - дейді Әлібеков.
Бұл ақпаратты Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растап, қайғылы оқиға 29 қазанда Ақсай ауылындағы "Сокол" автодромының аумағында болғанын жеткізді.
"Оқиға орнында түсірілім жүргізілген. Трюкті орындау кезінде 22 жастағы жігіт көлік доңғалағы астына түсіп, ауыр жарақаттар алды. Салдарынан жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, келесі күні - 30 қазанда есін жимастан көз жұмды. Lamborghini тізгінінде 45 жастағы ер адам болған. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полициядан.