Атырау, 28 желтоқсан 02:34
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

416 просмотра
Фото: freepik.com

Мемлекеттік қарыз 29 трлн теңгеге жуықтап қалғанына қармастан, 2028 жылдан бастап азая бастайды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр сөз басында мемлекеттің сыртқы қарызы қандай көлемде екені туралы мәлімет берді.

«Қазіргі уақытта мемлекеттің борышы 28,7 трлн теңгені құрайды. Оны жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,7 пайызға жетті. Бірақ бұл келесі бес жылдықта 25 пайыздан аспайды. Санап отырмыз. Оның пайдалану тиімділігі жақсы», - дейді министр.

БАҚ өкілдері тарапынан мемлекеттің сыртқы қарызы жыл санап көбейіп бара жатқанын, оның қашан азаятыны туралы сұрақ қойылды.

«2028 жылдан бастап азая бастайды», - деп сендірді Мәди Тәкиев.

Қазақстан қарызын төлей алмайтын уақытқа жетуі мүмкін бе?

«Жетпейміз оған. Оны мемлекеттік ұйымдар дәлелдеп жатыр. Біз де қарастырып отырмыз. Оған жету үшін қанша жыл керек екенін білмеймін», - деп қаржы министрі қысқа қайырды.
30 қазан, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.