Атырау, 4 қазан 06:42
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Бағдаршамдар көбеймек

1 883 просмотра

Тендерді ұтқан компания қалалық ТКШ бөлімінің тапсырысы бойынша 18 бағдаршам нысанына жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеуде.  ЖСҚ бекітілгеннен кейін осы бағдаршамдарды орнатуға тендер жарияланатын болады.

Алғашқы боп орнатылатындар тізіміне – жаман аты шыққан қала учаскелері:  Балықшы көпірінен түсер жолдың Құрманғазы көшесімен қиылысы, Жеті Қазына ықшамауданынан әуежай трассасына баратын қиылыс, Сәтпаев – Владимирский көшелерінің жол айрығы және теміржол вокзалындағы «Дина» базары маңындағы жол айрығы енген.

– Осы 18 нысанға тағы тоғызы қосылуы мүмкін, - дейді қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Серікбай ҚАЗИЕВ. – Облыс әкімі оларды орнатуға қосымша қаржылар іздемек.

– Қала бұл бағдаршамдарды жыл аяғына дейін көре ала ма?

–Әрине. Бір-бір жарым айдан кейін оларды орнатуға тендер жарияланатын болады. Жеңімпаз анықталғаннан кейін жұмысқа кіріседі.

Қалада жаңадан қоныстанған Сарықамыс, Жеті Қазына, Нұрсая, Самал ықшамдаударына, сонымен қатар Ескі базар, Бірінші учаске маңына 1 900 жол белгілерін орнату жоспарланып отыр.

– Бұлар – іс жүзінде ықшамаудандардың ішіндегі қозғалысты шектейтін – кіре берістегі «тұрғын аймақ» және шығар жолдағы «тұрғын аймақтың аяқталуы» деген белгілер болмақ, - дейді «Атыраудорзнак» ЖШС директоры Николай БЕЛКИН. – Бұдан басқа, «жол бер», «негізгі» деген белгілер орнатылып, жаяу жүргіншілер өткелі сызылатын болады.

– Ал жол кедергілері ше?

– Оларды орнату әзірге жоспарланбаған.

–Сіздер жаяу жүргіншілер өткелінің таңбалауына қызыл түсті қосыпсыздар.

– Иә, бұл еуростандарт деп аталады. Мұндай өткелдер Қазақстан бойынша әзірге тек Астанада, Оралда және бізде ғана. Шындығында қызыл түс алыстан байқалады. Жыл басынан бері 16 мың шаршы метр бөлу белгісі, 5 мың шаршы метрдей жаяу жүргінші өткелдері жаңартылып, қайта жасалды. Ескі және бүлінген белгілерді жаңартып, жөндеудеміз. Қаладағы 29 бағдаршамға және қалада орнатылған барлық белгілерге тәулік бойына қызмет көрсетеміз. Олардың жағдайына үнемі бақылау жасап отырамыз. Бірақ бұл процессті болжап болмайсың. Сондықтан қала тұрғындарына өтініш: егер біз әлденені ұмыт қалдырсақ, бағдаршам жарамсыз болса, әлдебіреулер белгіні бүлдірсе, бізге бірден телефакспен хабарлаңыздар. 45-41-92 кезекші нөмірі кез-келген уақытта қабылдайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 шілде 2013, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.