Атырау, 28 желтоқсан 02:45
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жапаров Қырғызстанның әнұранын өзгертуді қолдады

380 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің әнұранын өзгертуді қолдады, деп хабарлайды Sputnik

Ол Кабар телеарнасына берген сұхбатында "әнұранды өзгертсек жақсы болар еді" деп мәлімдеді.

"Әнұранды жаңартқанның несі айып? Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын, тәуелсіздікті енді алған кезімізде жазылды.

"Авторлар азат ел болғанымызды, тәуелсіздік алғанымызды, халық тағдыры өзінің қолында екенін, алға ұмтылу керектігін қуанышпен, толқумен жазды. Қазір біз мемлекет ретінде толық қалыптастық. Әлемге танымал болдық. 100 жылдан кейін де тәуелсіз ел болдық деп жырлай береміз бе? Дербес мемлекет, бес мың жылдық тарихы бар халық екенімізді айтатын, жастардың, болашақ ұрпақтың рухын көтеретін әнұранды неге жазбасқа?", - деді Жапаров.

Сонымен қатар қазіргі әнұран да ұмытылмайды – ол мұрағатта алғашқы әнұран ретінде қалады, деп атап өтті Қырғызстан президенті. Ол сондай-ақ кейбір адамдардың туды өзгертуге қарсы болғанын еске алды.

"Қазіргі тудың несі жаман? Бұрынғыдан жақсы ғой. Ол күнбағысқа ұқсамайды, енді туға қараған адам бұл күн екенін бірден түсінеді", - деді Жапаров.

Бұған дейін Қырғызстан парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиев әнұран өзгертілетінін айтқан. Оның пікірінше, әнұран әмбебап, ырғақты болуы керек, оны үлкен-кіші кез келген уақытта, кез келген жағдайда оңай орындай алатындай болуға тиіс.

"5 жастасыз ба, 90 жастасыз ба, әнұран баршаға қолжетімді және түсінікті болуы керек", - деді Шәкиев.

30 қазан, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.