Атырау, 23 қараша 11:54
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ әскерилері Ресей әскери жер серігінің Қытайда құлағанын байқады

1 895 просмотра

2011 жылдың ақпанында ресейлік «Гео-ИК-2» әскери геодезиялық жер серігінің ұшырылуы кезінде ақау орын алып, соның салдарынан ғарышта жоғалып кеткен аппарат жерге құлады. Бұндай ақпаратты Солтүсік Американың Стратегиялық командованиесінің (NORAD) америкалық мамандары таратты, деп хабарлайды NEWSru.com.

«Гео-ИК-2» серігі 2011 жылдың 1 ақпанында РФ Архангельск облысы Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылды. Аппаратты орбитаға «Бриз-КМ» жүрдек блогы бар «Рокот» зымыран-тасығыш апаруы керек болған. Дегенмен, жұмыс учаскесінде штаттан тыс жағдай орын алды. Соның салдарынан жер серігі есептелмеген орбитаға шығып кетіп, онымен байланыс үзілді», - делінген ақпаратта.

Америкалықтардың айтуынша,  жер серігі 15 шілде күні кешке орбитадан шығып кетті. Одан кейін ол атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, біраз уақыттан кейін Қытай аумағында құлады. Дегенмен, РФ Қорғаныс министрлігінен бұл жайында еш ақпарат түскен жоқ.

 

Дереккөз: bnews.kz

16 шілде 2013, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.