Атырау, 28 желтоқсан 02:29
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

«Жиһадқа шақырып, терроризмді насихаттаған»: шымкенттік тұрғын 8 жылға сотталды

330 просмотра
Фото: freepik.com

Шымкентте адамдарды жиһадқа шақырып, терроризмді насихаттаған тұрғынға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі («Терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіріп») бойынша айыпталған тұрғынға қатысты істі қарады.

«Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді», - делінген сот хабарламасында.

Прокурор Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы мен оның қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

«Сот, Т.-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген сот хабарламасыгда.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

30 қазан, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.