Атырау, 23 қараша 12:01
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Палестина Рамазан айында ажырасуға тыйым салды

1 815 просмотра

Палестинадағы шариғат негізінде үкім беретін құзырлы орынның қасиетті Рамазан айында ерлі-зайыптылардың ажырасқаны туралы сертификатты бермейтінін мәлімдеді Палестина автономиясының ислами соттардың жетекшісі шейх Юсеф Идеис. Алайда, айрықша жағдайларда ерлі-зайыптылар Жоғарғы сот бюросының растаған құжатын ала алады.

Аталмыш шешім 2012 жылдың ораза айы кезінде ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткішін айтарлықтай төмендеткен осы іспен айналысатын арнайы бөлімнің ұсынымдарына сәйкес қабылданды.

Бұл бөлімнің өкілдері мәлім еткендей, кейбіреулер ажырасу жайлы түпкі ойын жүзеге асыру үшін қасиетті айда сусыннан, ас-ауқаттан, шылымнан және төсек қатынасынан тыйылуды сыныққа сылтау ететін көрінеді.

Иордан өзенінің батыс жағалауында және Газа секторында неке қидыру, ажырасу, балаларды қамқорлыққа алу және алимент төлеу секілді отбасылық мәселелердің шариғат негізінде реттелетінін айта кету керек. Ал осы өңірдегі христиандардың отбасылық ісін шіркеу соты қарайды.

Өткен жылдың қыркүйек айында шейх Юсеф Идеис күйеуі төсек қатынасынан бас тартқан әйелдердің ажырасуына мүмкіндік беретін жаңа заңнаманы елге жариялады.

Ал шариғат бойынша ерлер үш мәрте талақ айту арқылы әйелімен ажыраса алады.

Дереккөз: muslim.kz

16 шілде 2013, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.