Алматы облысында ер адам үш адамды мылтықпен жарақаттады. Оқиға 27 қазанда Қонаев қаласы маңында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде мас күйіндегі малшы жолдастарына аңшы мылтығын атқаны туралы ақпарат шыққан. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді, бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және қамауға алды, – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.