Атырау, 28 қазан 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 485.11
€ 523.82
₽ 5.02

Каспий жағалауында 150-ден астам итбалық өлексесі табылды

104 просмотра
Азамат Сәрсенбаев ұсынған сурет

Итбалықтардың жаппай қырылуының себебі әлі белгісіз, деп хаюарлайды informburo.kz.

Каспий теңізінің жағалауында 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев айтты.

"Жақында соққан дауылдан кейін Түпқараған ауданындағы Баутино маңында Қызыл кітапқа енген жүздеген итбалықтың денесі жағалауға шығарылды. Қазір ғалымдар 151 өлексені анықтады. Олардың сөзінше, өлген итбалықтардың кейбірінің денесінде механикалық зақым бар. Итбалықтардың жаппай қырылуына не себеп болғаны әлі белгісіз", – деп жазды блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-парақшасында.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тиісті зертханалық зерттеулерден кейін ғана итбалықтардың өлімінің себептері белгілі болады.

Оқиға орнына инспекцияның, жергілікті атқарушы органның, гидробиология және экология институтының, Qazaq balyk республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері жедел түрде аттанған.
Айта кетейік, Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілген. 2006 жылдан бері итбалық аулауға тыйым салынған. 

Бүгін, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.