Атырау, 29 желтоқсан 11:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Олигархтардан алынған қаражатқа мұқтаж жандарға арналған баспана салынады

256 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Алматыда олигархтардан тәркіленген 12 миллиард теңгеге мұқтаж жандар үшін екі баспана салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, Алматыда заманауи мәдениет орталығы салынады. Оның ауданы үш мың шаршы метрден асады. Бұдан бөлек арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды.

Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтар өткізіледі деген болжам бар.

Сонымен қатар Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй салынады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның субъектілері әлеуметтік-мәдени объектілерді салуға қатысуы қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар олигархтардан тәркіленген бағалы әшекей бұйымдарды сатып ала алатынын жаздық. Заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару аясында тәркіленген қымбат сақиналар, алқалар мен сағаттарды сатып алу үшін аукционға қатысу қажет. Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның бас директоры Қуанышбек Мұқаш компанияда тәркіленген жүзік, алқа, сағат және басқа да зергерлік бұйымд арды қоса алғанда, жалпы саны 196 зергерлік бұйым бар екенін айтты.

28 қазан, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.