Каирдегі бірнеше негізгі көшедегі қозғалысты шектеген Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен полиция арасындағы қақтығыстан бір адам қаза тауып, жүзден астам адам зардап шекті. Мысыр астанасындағы «Рабиа әл-Адавия» мешітінің жанындағы дала емханасы осындай мәліметтер келтірді, деп хабарлайды YTPO.ru.
Мурсидің он мыңдаған жақтасы сейсенбіге қараған түні Каирдегі негізгі көшелердегі,оның ішінде айналма автожолдағы жол қозғалысын шектеді.
Жаппай митинг «Әл-Иттихадия» президент сарайы мен Республикалық гвардияның штаб-пәтерінің алдында өтіп жатыр. Мұнда осыдан бір апта бұрын көтерілісшілер мен әскерилер арасында қақтығыс өтіп, соның салдарынан 53 адам қаза тауып, 400-ден астам азамат жараланған болатын. Каир аспанында әскери тікұшақтарға тынымсыз ұшып жүр.
Дереккөз: bnews.kz