Атырау, 29 желтоқсан 06:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Түркиялық Bayraktar енді Қазақстанда құрастырылады

1 022 просмотра
Ашық дереккөзден адынған сурет

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ыстанбұлда өткен SAHA EXPO-2024 қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің ІV Халықаралық көрмесі аясында Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен келіссөз нәтижелі болды. 

Тараптар Қазақстан аумағында жедел деңгейдегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен тосқауылдайтын оқ-дәрілер өндірісін оқшаулау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді.

Көрмеде әскерлер мен ұрысты басқарудың автоматты жүйелері, робототехникалық кешендер, байланыс, ӘШҚҚ, радио барлау, радиоэлектрондық күрес және радиоға қарсы іс-қимыл құралдары қойылған. Одан өзге көрмеге қойылған ұшқышсыз басқарылатын авиация, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ, лазерлік технологиялар, оптикалық-электронды жабдықтар және басқа да экспоненттер қызығушылық тудырды.

24 қазан, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.