Атырау, 24 қазан 15:19
 ашықВ Атырау +9
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Түркиядағы терактіден зардап шеккен қазақстандықтар жоқ – СІМ

97 просмотра

Кеше Түркия астанасы Анкара қаласында лаңкестік әрекет жасалды. Өкінішке қарай, құрбан болғандар мен жараланғандар бары айтылды. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы сұраған едік, деп жазады KAZINFORM.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.

Айта кетейік, кеше Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында теракт болды. 

Қайғылы оқиғадан соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның мәлімдесінде Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының нысанындағы теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған. 

Министрдің айтуынша, шабуылды жасаған екі лаңкес залалсыздандырылған. Лаңкестердің бірі әйел.

Ведомство басшысы жұртшылықты болған оқиғаға қатысты тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.

Бүгін, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.