Атырау, 24 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +9
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Алматыда есірткі таратқан телеграм-арналар бұғатталды

86 просмотра
Сурет ашық дереккөзден алынды

Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Тексеру барысында қатысушыларға тыйымсалынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар«закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды.

Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.

Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрітергеу үшін полицияға жолдады.

Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады.


Бүгін, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.