Атырау, 31 желтоқсан 04:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.54
€ 546.47
₽ 4.99

Талғарда жұмысына салғырт қараған полицейлердің үстінен іс қозғалды

491 просмотра

Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіні әлі күнге дейін ұстай алмай жатыр. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз бұл іс бойынша іздеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Қолға түсіреміз. Ол өте оңай емес. Тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қызметтік тексеру жүргіземіз. Кінәлілердің бәрі жазаланады. Немқұрайлылық бойынша іс қозғалды», - деді Игорь Лепеха.

Айта кетейік, Талғарда уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылмай жатыр. Ер адам зорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Талғар тұрғындарының айтуынша, ол өзінің жиенін зорлаған.

23 қазан, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.