«Орал» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, БҚО тұрғындарына күзгі-қысқы кезеңде 8 ұшу бағыты қолжетімді болады, деп хабарлайды Орал апталығы.
әселен, 27 қазаннан 29 наурызға дейін созылатын қысқы навигация кезеңінде «Орал» халықаралық әуежайының жолаушылары 5 ішкі және 3 халықаралық бағыт бойынша ұша алады.
Осы күзгі-қысқы маусымда, өткенмен салыстырғанда, SCAT әуекомпаниясы аптасына екі рет ұшатын жаңа бағыт – Түркістан қосылды.
Атырауға ұшу жиілігі артады-үш рейстің орнына төрт рейс.
Өткен күз-қыс маусымындағыдай, «Орал» әуежайында үш халықаралық бағыт бар – бұл Майндағы Франкфуртқа тұрақты рейс, Шарм-эль-Шейх пен Пхукетке чартерлік рейстер.
Мысырға Scat авиакомпаниясының чартерлік рейстері өткен жылдағыдай, әр 10 күн сайын жүзеге асырылады. Оларға әр сенбі сайын Орал қаласынан ұшатын FlyArystan әуекомпаниясының рейстері қосылады (Ақтау-Орал-Шарм-эль-Шейх).