Атырау, 31 желтоқсан 04:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.54
€ 546.47
₽ 4.99

Маңғыстауда 38 жетім бала үй кезегіне қойылмаған

402 просмотра
Көрнекі сурет

Маңғыстау облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың үй кезегіне қойылмағаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik. облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті. Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық бала тұрғын үй кезегіне енгізілді", - делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапқа тартылды.

23 қазан, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.