Атырау, 24 қазан 11:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін

287 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Келер жылы елімізде балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін. Қазір ата-аналар балабақшаны тұрғылықты мекенжайына байланысты таңдайды. Ал өзгерістен кейін баласын өздеріне ұнаған балабақшаға бере алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет мұны ваучерлік қаржыландыру арқылы іске асырмақшы. Яғни, балаға қарастырылатын қаржы қазіргідей алдын ала емес, балабақшаға тіркеу аяқталғаннан кейін ғана бөлінеді.

"Бастама бірнеше өңірде пилот режимінде қолға алынды. Бұл бірінше кезекті жою үшін жасалып отыр. Мәселен, Таразда 1700 бала кезекте тұрған.  Ал ваучерлік қаржыландыру арқылы бұл көрсеткіш 17 балаға дейін азайды",  дейді Наталья Жұмаділдаева. 
Кеше, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.