Атырау, 5 маусым 11:32
 дождьВ Атырау +17.6
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Израиль Насралла мұрагерінің өлтірілгенін растады

467 рет қаралды
Хашем Сафи ад-Дин

Израиль қарулы күштерінің тиісті мәлімдемесі сейсенбі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталмыш соққы шамамен үш апта бұрын Хезболланың Бейруттағы негізгі тірегі ретінде есептелетін Дахия ауданына жасалды.

Израиль әскери-әуе күштері Дахиядағы азаматтық нысандардың астына әдейі салынған Хезболланың негізгі барлау штабына дәл соққы берді, деп хабарлады ЦАХАЛ.

Шабуыл кезінде штаб-пәтерде Хезболланың 25-тен астам жауынгері болған, оның ішінде Сириядағы қозғалыстың барлау штабында әуе ақпаратын жинауға жауапты Билал Саеб Айш бар, деп қосты ЦАХАЛ.

"Нью-Йорк Таймс" бұдан бұрын үш Израиль шенеунігіне сілтеме жасай отырып, "Хезболла" ұйымының бас хатшысы Сафи ад-Диннің Бейруттің оңтүстік шетіндегі Дахиядағы жерасты бункерінде өткен қозғалыс басшылығының отырысына қатысқанын жазған.

23 қазан 2024, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.