
Өзбекстанға спорттық жарысқа барған кезде өзін жайсыз сезінген Қарағанды облысының 11 баласы Ташкент қаласындағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды SHYNDYK.KZ.
Бала омбудсменінің мәліметінше, жарысқа үлкен делегация аттанған: 60 балаға 32 ата-ана мен төрт жаттықтырушы еріп барған.
«Қазіргі уақытта 11 бала Ташкент қаласындағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі жағдайды жеке бақылауына алды», — деп түсіндірді Динара Закиева.
Ол сондай-ақ Өзбекстандағы әріптесімен — Өзбекстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен, Қарағанды облысы әкімдігінің басшылығымен және команда бас жаттықтырушысымен тұрақты байланыста екенін атап өтті.
Науқастанған жас спортшылар толық сауығып, емдеу курсын аяқтағанға дейін Ташкенттегі ауруханада болады. Ал топтың қалған бөлігі — ауру белгілері жоқ балалар ата-аналарымен бірге бүгін, 2 қарашада Қазақстанға оралады.
В Атырау +16.3