
Атырауда түнгі рейд кезінде жол ережесін бұзған шетелдік нөмір таққан BMW автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Полицияның хабарлауы бойынша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері заңсыз көше жарыстарын ұйымдастыратын, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын, жылдамдықты шамадан тыс асырып, өзге де жүргізушілерге қауіп төндіретін көлік құралдарын анықтайтын рейд жүргізеді, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдайды.
Мәселен, 31 қазанда сағат 01:30 шамасында шетелдік тіркеудегі BMW маркалы автокөлік жүргізушісі анықталды. Ол маневр жасау қағидаларын бұзған.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
В Атырау +16.3