Атырау, 19 желтоқсан 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

​Екібастұзда кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған

380 рет қаралды

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үлгілік ережелерге сәйкес (ҚР ҰЭМ 16.01.15ж. №17 бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік органдар теңгеріміндегі мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсырған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектіні (сенімгерді) мүлік салығынан босатады.

Алайда, Экономика және қаржы бөлімі келісім-шарттар жасау кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген.

Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылған.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

23 қазан 2024, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.