Атырау, 29 желтоқсан 22:56
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Үш жылда Google, Apple және iHerb миллиардтаған салық төлеген

313 просмотра

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті үш жыл ішінде "Google салығы" Қазақстан бюджетіне қанша табыс әкелгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, үш жылдың ішінде шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 58 миллиард теңгеден аса қаржы төлеген. 2022 жылы түсімдердің жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге, 2023 жылы - 24 миллиард теңгеге тең болған. Ал биылғы 9 айда бюджетке 23 миллиард теңге салық аударылған.

Ең көп салық iHerb денсаулыққа арналған тауарларды сату бойынша маркетплейстен түседі (11 миллиард теңге). Екінші орында Apple (9 миллиард теңгеден астам) тұр. Google үш жыл ішінде 9,3 миллиард теңге төлеген.

МКК түсімдер өсе беретінін, ал міндетті төлемдерден ешкім кетпеуі үшін ведомствода жазалау шарасын енгізу ұсынылғанын атап өтті.

"Жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Бұл салық заңнамасын орындамайтын салық төлеушілерге қатысты. Интернет-ресурстарға шектеу қойылады, яғни жеке тұлға салық төлемейтін салық төлеушілер сайтына кіре алмайды", - деп хабарлады Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында МКК цифрлық активтер басқармасының басшысы Талғат Әділов.
22 қазан, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.