Атырау, 29 желтоқсан 23:20
 ашықВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Илон Маск АҚШ-тың банкротқа ұшырауы мүмкін екенін ескертті

406 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Әлемдік миллиардер Илон Маск егер АҚШ мемлекеттік шығынын азайтпаса банкротқа ұшырайтыны туралы айтты. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды KAZINFORM

Кәсіпкер барлық салық түсімдерін мемлекет қарызы үшін төлеуге болатынын, әйтпесе қазынаның бос қалатынын баса айтты.

Бұған дейін АҚШ қарызы 2024 жылдың 3 қазанындағы жағдай бойынша 35 677 760 608 035 долларға дейін өскені туралы жазған болатынбыз. 

Конгрестің бюджеттік кеңсесінің соңғы деректері алдағы онжылдықта ұлттық қарыз 54 трлн долларға дейін өсетінін көрсетіп отыр, бұл халықтың қартаюы мен федералды денсаулық сақтау шығындарының қысқаруына әкеледі.

Сарапшылардың пікірінше, егер бұл болжам орындалса, Американың экономикалық жағдайына қауіп төнеді.

Бұған дейін Маск қараша айында өтетін АҚШ президенттік сайлауында республикашыл кандидат Дональд Трамп жеңіліп қалса, бұл АҚШ үшін соңғы сайлау болуы мүмкін деген пікірін білдірген. 

Сондай-ақ ол X әлеуметтік желісінің иесі сайлауалды жиынға жиналғандарды 5 қарашада өтетін сайлауда Трампты қолдауға шақырды. 

22 қазан, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.