Атырау, 20 ақпан 16:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Жеңісті жіберіп алды

2 849 рет қаралды

13 шілдеде«Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 19-турының матчында «Атырау» командасы «Жетісумен» (Талдықорған) 1:1 есебімен тең түсті.

75-ші минутта «Жетісу» қақпасына Бейбіт Тәтішевтің доп беруімен Алексей Щеткин баспен гол соқты. Бір минуттан кейін меймандар айыппұл добын соғып, әрі қарай есеп өзгермеді.

Осы матчтан кейін «Атырау» 12 команда бойынша 9-орында келеді. Тек бір доп айырмашылығымен соңғыдан бұрынғы «Ақжайық» командасының алдында тұр. Естеріңізге салсақ, чемпионат қорытындысы бойынша Премьер-лигадан соңғы екі команда шығып қалмақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 шілде 2013, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.