Атырау, 16 сәуір 23:58
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Ыстамбұлда кезекті митингі су шашылып, газбен атқыланып таратылды

2 088 просмотра
 
Түрік полициясы Реджеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы Ыстамбұл қаласындағы кезекті акцияны таратуда су шашатын құралдар мен көзден жас ағызатын газды қолданды, деп хабарлады РБК.

Қарсылық білдірушілер 2013 жылғы 13 шілдеде шерумен Гези саябағына бағыт алған болатын, алайда полицейлер топтанған адамдарды қуып таратып, олардың Таксим алаңы маңындағы Истикляль көшесіне шоғырлануына мүмкіндік бермеді.

Полиция күштерімен қатар шерушілер саудагерлердің қарсылығына да тап болды, қала орталығында бірнеше апта бойы өтіп жатқан қарсылық акциялары олардың бизнесіне кесірін тигізуде.

Шеруге Сәулеткерлер мен инженерлер қауымдастығын қала құрылысы жобаларын мақұлдау немесе бас тарту құқығынан айыруды көздейтін заң жобасы себеп болды. Осы аптада парламент мақұлдаған заң жобасын оппозиция акцияға белсене қатысқан кәсіпқой бірлестіктен үкіметтің өш алуы деп қарастыруда. Осы қауымдастық мүшелері Гези саябағын қайта құру жоспарына талап-шағым берген болатын, бұл қарсылық толқынының бой көтеріп, көпкүндік тәртіпсіздікке ұласуына әкеп соқтырды.

Полициямен қақтығыстар салдарынан Түркияны түгелдей дерлік шарпыған қарсылық акциясы барысында бес адам көз жұмды және бірнеше мың адам жараланды. Жаппай қарсылық көрсету қазіргі ел премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған билікте болған онжылдықтағы ең ауқымды шара болып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 шілде 2013, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.