Атырау, 27 қараша 07:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Күн велосипедіне мінген бельгиялық веложорықшы

2 926 просмотра

11 шілдеде кештетіп белгиялық РАФ ванн ХЮЛЛЕ (суретте) өзгеше велосипедпен Атырауға келді. Ол «Sun Trip 2013» веложорығының аясында Франциядан Астанаға сапар шегіп келе жатқан 33 велосипедшінің біреуі. Өзгеше болатын себебі, велосипедтер күн, жел немесе электр қуатымен қозғалады екен. 12 шілдеде біз бельгиялық мейманмен кездесіп, сөйлескен едік.

Осы веложорық туралы бүкіл ақпаратпен http://thesuntrip.com сайтында танысуға болады.  Велосипедшілер 15 маусымда Францияның таулы Альпі етегіндегі Савойя қаласынан жаңа INES – Еуропадағы ең үлкен күн энергиясын зерттеу орталықтарының бірінің ғимаратынан алыс сапарға аттанды. Қатысушылар арасында Францияның, Бельгияның, Канаданың, Чехияның, Қырғызстан мен Қазақстанның өкілдері бар.  

Бір уақытта шыққан қатысушылар Кіші Сен-Бернар  қарлы тау шатқалында бөлінді. Раф ван Хюлленің айтуынша, Рафтан басқа көптеген қатысушыларәжептәуір қиындықтарды бастан өткерген, әсіресе төменге түске кезде. Оның өзі түсіндіргендей, ол өз велосипедінде мұндай кездерде күн батареясының қуат көзін ажыратып тастауға мүмкіндік беретін функция қарастырыпты. Ал басқаларда мұндай функция жоқ екен. Қатысушылар өз велосипедтерінің мүмкіндіктеріне қарай Астанада кездесу үшін өздеріне ыңғайлы маршрутпен сапар шегеді.

Осы веложорықтың басты мақсаты – қатысушылар жүріп өтетін елдің адамдарын экологиялық көлікпен таныстыру. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушылардың демеушілердің бірі болуы кездейсоқ емес, ал жорықтың жету нүктесі Астана болмақ. Раф бізге болашақ көрменің эмблемасы салынған өзінің футболкасын мақтанышпен көрсетті.

Бельгиялық мейманның велосипеді мопедке келіңкірейді – аласа келген, отырғышы қатқыл. Күн панельдері үлкен болғандықтан ебедейсіз секілді көрінгенімен ол өте тез жүреді екен. Ал екі жағындағы панельдің астына шатыр мен ыстық тағам дайындауға арналған кішкентай баллонмен қоса саяхатшының жүгі салынған.

Рафтың растауынша, «күн велосипеді» - өзінің патенттелген өнертабысы екен. Бұл туралы оның http://www.ridethesolarwind.be/en/ сайтында толығырақ айтылған. Оны Қытай мен Канададан тапсырыспен алдыртқан түрлі детальдардан өзі құрастырыпты. Оның айтуынша, адамның бұлшық етінің жұмысы мен күн батареясының үйлесім табуы жылдамдықты сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді екен. Бірақ ең бастысы – көліктің бұл түрі экологиялық тұрғыда қауіпсіз. «Қалай тез әрі дыбыссыз жүреді өзі!» деген менің таңданысыма Раф: «Бастысы иісі жоқ!» деп, мақтанышпен жауап берді.

Біздің еліміз туралы әсеріне келер болсақ, бельгиялық қонаққа біздің тағамымыз бен жылы шырайлы адамдары ұнаған:

- Сіздің тағамдарыңыз Ресейдегідей емес, көп қуат береді екен, - деді аяқтарын көрсетіп.

Ал құжынаған маса Ганюшкин поселкесінің маңында шатырға түнеген кезде саяхатшының есінен кетпестей жағымсыз әсер қалдырыпты. Ол масаларға алуан түрлі құралдардың еш әсер етпегенін таңдана әңгімеледі. Бірақ Раф бұл жерде де ебін тауыпты. Қол шамын жағып, оған үймелеген масалармен бірге оны шатырдан шығарып қойған.

Біз Рафпен Авангардтағы 4-ықшамаудандағы бес қабатты үйлердің бірінің ауласында қош айтыстық. Оның ерекше велосипедін бұл кезде ауладағы жігіттер қызықтап, әр жерін шұқылап қарап, қаумалап қоршап алған еді. Ал біз оған бүкіл атыраулықтардың атынан сәт сапар тіледік.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

13 шілде 2013, 19:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.