Атырау, 5 қазан 13:32
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Каримованың Швейцариядағы дипломатиялық қызметі тоқтатылды

1 832 просмотра
Швейцария сыртқы істер министрлігі Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримованың осы елдегі дипломатиялық қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді.

ВВС-дің хабарлауынша, Каримованың Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі және басқа да халықаралық ұйымдағы өкілеттігі тоқтатылған.

Швейцария фдералды сыртқы істер министрлігі бұдан басқа мәлімет бермеген.  

Гүлнара Каримованікі делінген Твиттердегі аккаунтта осыған жауап жазылған. Ол онда өзінің Өзбекстанда қоғамдық және жастар ісінен босамайтынын, сондықтан Швейцвариядағы дипломатиялық қызмет оған "оншалықты керек еместігі" айтылған.  

Бұдан алдын "Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қатысы бар" деп айыпталған TeliaSonera компаниясының басшысы коррупцияға байланысты жұмысынан кеткен болатын.

Швед журналистері TeliaSonera мен Гүлнара Каримованың арасындағы "заңға қайшы байланыстарға" арнап телебағдарлама түсіріп, оны мамырдың 22-сі күні Швецияның SVT ұлттық телеарнасынан көрсеткен еді.
Дереккөз: Азаттық радиосы
13 шілде 2013, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.